RU
Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус аударылып қалды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус аударылып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөмеріне Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытында автобустың автокөлікпен соғысып, аударылғаны жайлы хабарлама жолдады.

Фото.

Фото.

Оқырманның айтуынша, автобус қарама-қарсы бағыттағы жол бөлігіне шығып кеткен. Себебі соғысып қалған Daewoo Nexia маркалы автокөлік өзінің бағытында, ал автобус болса жолдың қарама-қарсы бағытында жатқан.

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында Рысқұлова көшесінің бойында, Аэродромная көшесінің төменгі жағында болған. Әзріге оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Видео авторының мәліметінше, автобус маршрутты емес және оның ішінде жолаушылар болмаған.

Видео түсірілімі кезінде оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Алматы қаласының ішкі істер департаментіне жапа шеккендер мен оқиға себептері жайлы ақпарат алу мақсатында ұсыныс хат жіберілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір