RU
Қоғамдық ұшаққа отырған Салах жолаушыларды таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Қоғамдық ұшаққа отырған Салах жолаушыларды таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохаммед Салах 26 мамыр күні болған Чемпиондар лигасының финалында аса ауыр жарақат алған болатын. "Реал" қорғаушысы Серхио Рамоспен соқтығысқан мысырлық футболшы ойынды соңына дейін жалғастыра алмай қалған деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Мысырлық жұлдыз Мұхаммед Салах финалда алған ауыр жарақатын Испаниядағы Валенсия қаласында емдетуге шешім қабылдаған. Испаниялық кәсіби дәрігерлерге жүгінбек болған Салах әуе билетін қоғамдық ұшаққа алып көпшілікті таңғалдырды.

Әдетте, жеке ұшақтарымен ұшып болмаса бизнес-класс билеттерін алатын футболшылар қатарына Салах жатпайтын көрінеді. "Ливерпуль" шабуылшысы Испанияға қарапайым қоғамдық ұшақпен жеткен. Әуе кемесінде отырған жолаушылар танымал футболшыны көре сала өз таңданыстарын жасыра алмады.

Мысырлық шабуылшыны суретке түсіре жөнелген жолаушылар оның фотоларын әлеуметтік желілеріне жүктеп жарысты. Көпшілік Салахтың қарапайымдылығына тәнті болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel