Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық жігіт бес түрлі әйелден он баланың әкесі атанды

Опубликовано:

Алматылық келіншек өзінен он бес жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, алғашқы баласын босанғаннан кейін жұбайының бесінші әйелі екенін білген. Осы оқиғадан соң ата-анасы ажырасуын талап еткенімен, отбасын ойрандауға дәті бармаған келіншек жан сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Келіншектің айтуынша жұбайының бұрынғы әйелдері мен балалары туралы мүлде білмеген. Тұңғыш баласын босанғаннан кейін ғана күйеуі ағынан жарылып, бар шындықты жайып салған.

"Маған дейін төрт әйелі болыпты, бірінші әйелінде бір ұлы бар, екіншісінде екі қыз, үшіншісінде де қос бірдей қыздары бар. Ал төртінші әйелі тумаған. Соңғы бесінші әйелі мен болып отырмын", - дейді ол.

Шындықтың беті ашылған соң ата-анасы қызынан ажырасуын талап еткен. Дегенмен, баласын әкесіз өсіргісі келмеген келіншек айырылысудан бас тартады. Бүгінде үшінші сәбиін дүниеге әкелген ол, күйеуінің тағы да бір жасырғаны бар екенін байқайды.

"Басында мазасын алып жүрген бұрынғы әйелдері шығар деп аса қатты мән бермедім. Сосын шыдамай күйеуімнен сұрадым. Ол өзі мойындады. Менімен үйленбей тұрып бір қызбен жүрген екен, екеуміз отау құрғасын сол қызбен сегіз ай кездеспей қалыпты. Кейін кездейсоқ көрісіп, ара қатынастарын жалғастырыпты. Бүгінде күйеуімнің сол әйелден екі егіз ұлы бар", - деп сөзін жалғастырды желі қолданушысы.

"Қазір бес түрлі әйелден он баланың әкесі атанып отырған еркектің жарымын" деген әйел күйеуінің аса қамқор, табысқор әрі тәрбиелі екенін айтады.

"Мені ешқайда жібермейді, зорлық-зомбылығы жоқ, ақша беріп тұрады, оқытып та жатыр. Тек әйелдері демесең, өзі жақсы адам", - деп сөзін аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734537-almatylyk-zigit-bes-trli-jelden-on-balany-kesi-atandy/

pixel