RU
Мирзиеевтің құдасының баласы төрешіге қысым көрсетіп, ұятқа қалды
Жаңалықтар Әлемде

Мирзиеевтің құдасының баласы төрешіге қысым көрсетіп, ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы Отабек Умаровтың туған бауыры, 32 жастағы Ойбек Умаров футбол төрешілеріне қысым жасаған деп хабарлайды centralasian.org сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sports.uz

Фото: Sports.uz

22 мамыр күні Суперлига турнирінде "Бұхара" командасы "Қоқанд – 1912" футбол командасын 2:1 есебімен жеңді.

Ал 26 мамырда "Қызылқұм" клубын 1:0 есебімен ұтқан. Ойындардан кейін ашуланған Ойбек Умаров футбол жаттықтырушыларын көрермендердің көзінше ашықтан-ашық айыптаған.

"Бұхара" футбол командасы өкілінің айтуынша, төрешілер ойынның екінші туры кезінде белгісіз себептермен "Қоқанд – 1912" клубына жақтасқан.

"Мен сені жұмыстан шығарамын", - деп Ойбек Умаров ойын аяқталғаннан кейін бас төреші Акобирходжа Шукуриллаевқа айқайлаған.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір