RU
Алматыда науқас жандарға теледидар сыйлаған оқушылар жұртты тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда науқас жандарға теледидар сыйлаған оқушылар жұртты тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының мектеп түлектері лимузин жалдаудың орнына қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршіндерге теледидар сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Gulnara Kunirova

Фото: Gulnara Kunirova

Иван Панфилов атындағы № 54 мектеп-гимназиясының оқушылары лимузин жалдауға кететін ақшаға Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы бүлдіршіндерге теледидар сыйлады.

Бұл туралы "Біріміз қатерлі ісікке қарсымыз" қоғамдық қорының атқарушы директоры Гульнара Кунирова өзінің Facebook парақшасында жариялаған болатын.

Фото: Gulnara Kunirova

Фото: Gulnara Kunirova

Оның айтуынша, балалар орталығындағы палаталарда теледидарлар тапшы.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мектеп оқушыларының әрекетіне жұрт сүйсіне қарап, "Басқа бітіруші түлектерге үлгі боларлық іс екен", "Жарайсыңдар!", "Алла разы болсын", - деп өз ойларымен бөлісті.
Фото: Gulnara Kunirova

Фото: Gulnara Kunirova

Жас панфиловшылардың жасаған қайырымдылығын үлгі тұтып, Ілияс Жансүгіров атындағы №130 гимназия оқушалыры да балалар орталығына теледидар сыйлады.

Фото: Gulnara Kunirova

Фото: Gulnara Kunirova

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel