RU
Ақтөбеде атышулы "Төрт ағайынды" ісінің жарыссөзі басталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде атышулы "Төрт ағайынды" ісінің жарыссөзі басталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Төрт ағайынды" ісіне қатысты жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы айыптау парағын оқуды бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Еркін Ізбасар. Фото ашық дереккөзден алынды

Еркін Ізбасар. Фото ашық дереккөзден алынды

Сот залында «мұнай ұрлап, қылмыстық топ құрды» деген айып тағылған 26 адам үкімін күтіп отыр. Қылмыс әлемінің серкесі саналып жүрген Еркін Ізбасар прокурор сөзін ұйықтап тыңдап жатыр.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылғаны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
2
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір