Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Мінсіз» мүсінді отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Халықтың алдында жүрген кез келген жұлдыз үшін сырт келбеті өте маңызды. Ерекше дене бітімімен көзге түсіп жүрген отандық жұлдыздарды NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Кәмшат Жолдыбаева

Кәмшат Жолдыбаева
Кәмшат Жолдыбаева: UGC

Танымал әншінің жасы отызда болғанына қарамастан, керемет дене бітімімен тыңдармандарын әлі күнге дейін таң қалдырып келеді. Кәмшат бимен және спортпен тұрақты түрде айналысады.

Жанар Дұғалова

Жанар Дұғалова. Фото: juldyz.kz
Жанар Дұғалова. Фото: juldyz.kz: UGC

Керемет дауыс иесі мінсіз дене бітімін аңсаған қыздардың фавориті. Әншінің келісті келбетіне сұңғақ бойы мен шыбықтай белі сән келтіріп тұрады.

Луина

Луина. Фото: interesno.today
Луина. Фото: interesno.today: UGC

Жақында ғана төсіне ота жасатқан танымал жұлдыз, дене бітімінің сымбаттылығына қатты мән береді. Төсін үлкейту үшін жасаған отасы соның дәлелі болса керек.

Айжан Байзақова

Айжан Байзақова. Фото: brod.kz
Айжан Байзақова. Фото: brod.kz: UGC

Желі жұлдызы көрікті дене бітімін ашық көрсетуден еш қысылмайды. Айжан төсін және ернін үлкейту үшін арнайы ота жасатқан. Аталмыш оталар сәтті жасалған болу керек, жас блогер сыртқы келбетімен мақтанады.

Айдай Исаева

Айдай Исаева. Фото: instagram.com/aidayissaeva
Айдай Исаева. Фото: instagram.com/aidayissaeva: UGC

«Қазақстан аруы – 2013» байқауының жеңімпазы бүгінде бір баланың анасы болса да модель ретінде жұмыс істеп жүр. Тамаша тұла бойының сыры ретінде Айдай спорт пен дұрыс тамақтануды ұсынады.

Жұлдыз Әбдукаримова

Жұлдыз Әбдукаримова
Жұлдыз Әбдукаримова: UGC

Жақында ғана халыққа танымал болған Қайрат Нұртастың келіншегін төрт баланың анасы деп айту қиын. Сұңғақ бойлы сұлу мүсінді Жұлдыздың айтуынша, ешқашан артық салмақпен күреспеген.

Жания Джуринская

Жания Джуринская. Фото: Хабар
Жания Джуринская. Фото: Хабар: UGC

Актриса әрі бизнес леди, сырт келбетіне қатты мән береді. Ару бүгінде модель ретінде де көрініп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734568-minsiz-msindi-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel