RU
Кәмшат Жолдыбаева өз сұлулығымен ресейлік танымал әншіні тамсандырды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кәмшат Жолдыбаева өз сұлулығымен ресейлік танымал әншіні тамсандырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік жұлдыз Анна Седокова өзінің Instagram парақшасына Кәмшат Жолдыбаевамен түскен суретін жүктеп, қазақстандық әншінің өнерін жоғары бағалады. Оған қоса, ресейлік әнші екеуінің өзара ұқсастығын да атап өткен деп хабарлайды NUR.KZ.

"Кеше оның ән орындағанын көрдім. Тамаша болды. Тағы бір байқағаным біз қатты ұқсайтын сияқтымыз. Түр-келбетімізбен емес. Сіздер қалай ойлайсыздар?", - деген жазба қалдырған Анна өзінің Instagram желісіне.

Табынушылар пікірі де өзін көп күттірген жоқ. Көпшілік бірден екі арудың өзара түр ұқсастықтары мен киім үлгілерінің ерекшелігін атап өтті.

Желі қолданушылары сондай-ақ, екі әнші шашының түсі мен үлгілері қатты ұқсас екенін де айтып кетті.

Тіпті кейбірі, сылқымдардың омырауларындағы ұқсастықты да байқағандарын жеткізген.

Кәмшат Жолдыбаева да ресейлік әріптесіне мақтау сөздерін аямады. Отандық әнші Анна Седокованың өнеріне тәнті екенін айтып, оны әнші, әйел және ана ретінде қатты сыйлайтынын жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel