RU
Астанада қоғамдық көлік айдап, телефонымен ойнаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада қоғамдық көлік айдап, телефонымен ойнаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталына Астана қаласының тұрғыны хабарласып, қоғамдық көлікте телефонымен ойын ойнаған жүргізушіге шағымданды.

Видодан кадр

Видодан кадр

Видеожазбаны жолдаған азамат тек Алматыда ғана емес, Астана қаласында да қоғамдық көлік жүргізушілері адамдардың өмірін қауіпті жағдайға қоятынын айтуда.

"Бұл Алматыдағы жағдайға байланысты Астананың жауабы. №17 бағыттағы автобус жүргізушісі біресе жолға, біресе телефонына қарайды. Мүмкін ол адамдардың өмірі мен денсаулығынан да маңыздырақ нәрсе көріп отырған болар", - дейді куәгер.

Сондай-ақ жүргізуші мен кондуктор өздерін видеоға түсіріп тұрғанын білсе де, міз бақпай тұра беріпті. Куәгердің сөзіне сүйенсек, қоғамдық көліктегі қызметкер әдейі камераның алдына тұрып алып, ақшасын санаған. Осылайша олар мүмкін болатын қауіптілікке бей-жай қарайтындарын көрсетіп тұр деп ашынады ол.

Айта кету керек, Алматы қаласында қоғамдық көлікті жүргізіп отырып, телефонымен ойнаған азаматқа қатысты шара қолданды деген ақпарат редакцияға әлі келіп түскен жоқ.

Қызықты жаңалықтарыңызды NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 нөміріне жолдаңыз!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір