RU
СІМ "сұмдық тексерістерге" қатысты Қырғызстанның шағымына жауап берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

СІМ "сұмдық тексерістерге" қатысты Қырғызстанның шағымына жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы әріптестеріне Алматы әуежайында қырғыз азаматтарына жүргізілген қосымша тексерістердің мән-жайын білу үшін нота жолдады. Қазақстан тарапы бұл шаралар жайлы түсініктеме берді дейді Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Қырғызстан азаматтары Алматы әуежайындағы арнайы бөлмеде қосымша жүргізілген тексерістерге шағым түсірді.

Олардың айтуынша, тексеріс кезінде телефондағы IMEI кодына дейін барлық ақпарат жазылып алынды.

Қазақстандық тарап мұндай шаралардың шетелден келген барлық азаматтарға жүргізілетіндігін түсіндірді.

Қауіпсіздік шаралары соңғы кезде басқа мемлекеттерде жиілеп кеткен террористік актілерге байланысты күшейтілген.

Тексерістер және жолаушылармен жүргізілетін сұхбат халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қазақстандық тараптың айтуынша, шетел азаматтарын өткізу шаралары заң аясында жүргізіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір