Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ашуға булыққан нәзік жандылар жұрттың көзінше жаға жыртысты (видео)

Опубликовано:

Атырауда екі әйел арасында өзара келіспеушілік туындап, оның арты аяусыз төбелеске ұласты. Бір-бірін ұғыныса алмай қалған азаматшалар мәселені жұдырықпен шешуге бел буған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Оқиға қала орталығындағы бейнекамераларға түсіп қалған. Атырау тұрғындары арасындағы төбелес әлеуметтік желіге де тарап үлгерді.

Бейнежазбада келіспеушілік салдарынан әйел адам өзінің қарсыласын пакетпен ұрып жібергені байқалады.

Артынан азаматшалар бірін бірі итеріп, шаштарын жұлқылауға кіріседі. Іске жұдырықтарын қосқан әйелдер өзара аяусыз соққылармен алмасты.

Куәгерлер қала ортасында шу шығарып, төбелескен әйелдерді ажыратпақ болғанымен, оларды тоқтату қиынға түскен.

Екі атыраулық тұрғынның осылай жұдырықтаса кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1734584-atyrauda-asuga-bulykkan-nzik-zandylar-zrtty-kzinse-zaga-zyrtysty-video/

pixel