RU
Ақорда көрсінші: Маңғыстауда жабайы саудаға шыққандар жұрттың аянышын туғызды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақорда көрсінші: Маңғыстауда жабайы саудаға шыққандар жұрттың аянышын туғызды (видео)

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде жабайы саудамен айналысқан қазақтардың видеосы жарияланып, елдің аянышын туғызған. Автордың айтуынша, бұл Маңғыстау облысындағы Сай-Өтес темір жол станциясы деп жазады NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видеожазбада құм үстіне отырып су сатқан әйел мен сауда жасап жүрген мектеп жасындағы балаларды байқауға болады. Олардың бірі "Балмұздақ алыңыздар" деп, тауарын ауызша жарнамалап жүр.

Видеоны көрген желі қолданушыларының басым бөлігі ондағы халыққа аяныш білдірсе, кейбірі мұны таңғалатын жағдай емес деп отыр.

"Осыны Ақорда көрсінші", - деп өтінді arlanbaidalinov есімімен тікрелген қолданушы.

"Бұл адамдар бір күнін екіншісіне жалғап әзер өмір сүріп жүр. Енді осы видеодан кейін салықшылар келіп, заңсыз кәсіпкерлік үшін жауапқа тартады", - дейді vladi_slav_dan есімімен тіркелген өзге желі қолданушысы.

"Таңғалатын несі бар? Қазақстанның көптеген станцияларында адамдар осылай күн көреді. Сіздер бірінші рет көріп тұрған сияқтысыздар. Ал мен үнемі пойызбен жүріп, осындай жағдайдың куәсі боламын", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
2
15
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір