RU
Шымкентте қоғамдық көлікке соқтығысқан "Мерседес" тас-талқан болды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте қоғамдық көлікке соқтығысқан "Мерседес" тас-талқан болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте Тəуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінің қиылысында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысып қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Жол апаты. Видеодан скриншот

Жол апаты. Видеодан скриншот

Автобуспен соқтығысқан "Мерседес" тас-талқан болған. Екі көлік те қатты зақымданған жол көлік оқиғасында автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік жолаушылары зардап шекпеген.

"Мерседестің" көлік жүргізушісіне жедел жəрдем қызметіндегілер медициалық көмек көрсетті.

Сол күнгі соңғы жолаушысын аялдамадан тастап шыққан 27-ші бағыттағы қалалық автобус Сайрам бағытына қарай жол тартқан. Сол мезетте қарсы алдынан "Мерседес" көлігі шыға келген.

Жеңіл көліктің жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол жол белгісінің арқасында қарсы бетке шығып кеткен. Соқтығыс нəтижесінде автобустың алдыңғы бөлігі зақымдалды.

Қатты соққыдан екі көлікке де қомақты шығын келген. Жол көлік оқиғасы салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды. Апаттың мəн-жайын жол полициясы инспекторлары анықтап жатыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel