RU
«Bek Air» ұшағында «VIP» жолаушылар төбелес шығарды
Жаңалықтар Қоғам

«Bek Air» ұшағында «VIP» жолаушылар төбелес шығарды

Рассказать Вконтакте

Екі кәсіпкер Шымкент-Астана бағыты бойынша ұшқан «Bek Air» ұшағында төбелес шығарды. Нәтижесінде жарақаттанған бортсеріктер полицияға шағымданған. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ұшақ. Фото: Время

Ұшақ. Фото: Время

Экипаж мүшелерінің айтуынша, оқиға бір ай бұрын болған. Ащы судан ұрттап алған «VIP» жолаушылар ұшаққа кіргеннен бастап өздерін мәдениетсіз ұстаған.

«Біз енді ғана ұша бастаған едік, жігіттер техникалық қауіпсіздік ережесін сақтамастан, борт серікті шақырды. Мен жедел түрде көмек қажет екен деп ойладым. Олардың екеуі де ішіп алған еді. Олар өздеріне су әкелуін бұйырды. Мен ұшу басталған сәтте су берілмейтінін айтып түсіндірдім, есесіне жауап ретінде балағат сөз естідім», - дейді стюардесса Нұргүл Орынбаева.

Екінші бортсерік Камиль Қасымовтың айтуынша, ол жолаушыларды сабыр сақтауға шақырған кезде, олар одан сайын ашулана бастаған.

«Расымен де, бортсерікті бірнеше рет шақырды, мен Нұргүл мен жолаушылардың сөздерін естідім, оған «Миын жоқ па, су әкел!», - деп айтып жатты.», - дейді Камиль.

Экипаж мүшесінің айтуынша стюардесса жолаушылардың өтінішін орындаған. Дегенмен жолаушылар тынышталмаған. Аздан соң олардың бірі ас бөлмесіне кіріп, бортсерікке күш көрсете бастаған, тіпті жұдырық ала жүгірген.

«Біз Астанаға қонған кезде полиция шақыруға тырыстық. Дегенмен екінші жолаушы келіп, кешірім сұрап, шу шығармауымызды өтінді. Біз де келістік», - деді Камиль.

Оқиғадан соң бортта толығымен тыныштық орнады. Жолаушылардың екеуі де ұйықтап қалды. Астанаға қонған кезде олардың біреуі ғана киімдерін алып шықты, ал екіншісі болса орнынан қозғалғысы келмепті.

«Біз оны оятуға тырыстық. Бірақ жолаушы тұра саласымен, бортта тағы да айқай-шу шығарды», - дейді борт қызметкері.

Сосын бортқа жолаушының досы кіріп, екеуі бірге борт серікті ұра бастаған. Содан соң полиция қызметкерлері келіп, бүлік шығарушылармен ұшақ қызметкерлерінен түсініктеме алған. Дегенмен, жолаушылар бар кінәні бортсеріктерге жауыпты.

Жолаушылардың екеуі де жеке кәсіпкерлер екені белгілі болған. Қазір ІІМ барлық зерттеу жұмыстарын өз мойындарына алды. Ұшақ қызметкерлері шындықтың беті ашылатынына үміттенеді.

Время басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға болмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір