Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезегім келді: Рингоның соңғы бойдағы үйленетіні рас па?

Опубликовано:

Ринго тобының соңғы бойдағы Данияр Өтеген жақын арада отбасын құруы әбден мүмкін. Әншінің таңдауы анау-мынау қызға емес, отандық актриса Гүлназ Жолановаға түскен көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Жақында отбасын құрған Батыр Байназаровтан кейін Данияр топтың жалғыз бойдағына айналған болатын. Алайда, талай қыздың арманына айналған ринголық сері де бойдақтықпен қош айтысса керек.

Мұндай ойдың туындауына әншінің Instagram желісіне жүктеген жазбасы түрткі болған. Данияр Өтеген өзінің парақшасына Гүлнәз Жолановамен түскен суретін салып, оның астына "Кезек" деген жазба қалдырды.

Әншінің тұспалдап жазған екі ойлы жазбасы бірден оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Отқа майды серімен суретке түскен Жоланова да құйды. Данияр жүктеген сурет астына ол "Қайда екен?" деген комментарий қалдырып кетті.

Көпшілік ринголық бойдақтың айтып тұрғанын "үйленуге", "отбасын құруға кезек келді" деп қабылдаған. Әншінің табынушылары жұптың өте жарасымды екенін де айтты.

Желі қолданушылары ешкім ойламаған жерден отау құрған Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаевадан кейін, олардың әріптестерінен де бәрін күтуге болатынын айтты.

"Олар сондай жарасымды. Кім біледі ешкімге білдіртпестен кездесіп жүрген болар" , - деп айтты Instagram қолданушысы.

Әзірге, ринголық соңғы бойдақ пен отандық актрисаның отбасын құратыны жөнінде ресми мәлімет шыққан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734610-kezegim-keldi-ringony-sogy-bojdagy-jlenetini-ras-pa/

pixel