RU
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда Әуезов аудандық соты 24 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты үкім шығарды деп жазады NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Сот шешімі бойынша, қоғамдық көлік тізгінінде болған азамат жол ережесін сақтамағаны үшін айыпты деп танылды.

Айыпталушы 1 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, төрт жыл бойы көлік жүргізу құқығынан да шектелді.

Аталмыш іс бойынша төрелік еткен судья өзінің шешімін түсіндіріп өтті.

"Бұл оқиға басқа жүргізушілерге сабақ болсын. Алматыда көбі асығып жүріп, жолдағы басқа адамдарға қарағысы келмейді. Тек өздерін ғана ойлайды. Бұл әсіресе, қоғамдық көлікті тізгіндеушілерге қатысты", - дейді судья.

Еске салсақ, 18 сәуір күні Алматыда жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді қоғамдық көлік қағып кеткен болатын. Ауыр соққы алған ару оқиға орнында көз жұмған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel