RU
Күйеуі «гей» болып кеткен алматылық келіншек көпшіліктен ақыл сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі «гей» болып кеткен алматылық келіншек көпшіліктен ақыл сұрады

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншек күйеуінің "гейлермен" сөйлесіп жүргенін байқаған. Тұрмыс құрғанына үш жыл болған бір баланың анасы желіде оқырмандардан ақыл сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әйел. Көрнекі фото: РИА

Әйел. Көрнекі фото: РИА

Келіншек алдымен күйеуінің интернеттегі сайттар арқылы гейлермен сөйлесіп жүргенін білген. Жұбайымен ашық сөйлескен кезде, күйеуі ісін мойындамай, керісінше ұрсып тастаған.

"Маған ештеңе айтпады. Кейін үйге қайын апамды қонаққа шақырып едім, келтірмей қойды. Сондағы айтатыны: «Сен менің гей екенімді әпкеме айтып қоймақшысың», - дейді", - деп мұңын шақты келіншек.

Желі қолданушысының айтуынша, ол жарының бойындағы өзгеріс туралы енесі мен қайын ағасына айтып көрген. Дегенмен ұлдары туралы бұл шындыққа олар сенбепті.

«Қазір күйеуім анасының үйінде тұрады. Маған мүлде жақындамайды. Тұрмыста болған үш жылым зая кетті. Ата-анама шындықты айтуға ұяламын. Ол маған мүлде жақындамайды, ортақ баламыз бар. Қызды ауруханаға апару үшін шақырған едім, «менің мазамды алма» деп келмей қойды", - деп жазды келіншек.

Желіде оқырмандардан ақыл сұраған қыз, күйеуінен жиіркенетінін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
12
14
21
3
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel