RU
Шымкент тұрғыны ақша үшін танысын пышақтап тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкент тұрғыны ақша үшін танысын пышақтап тастады

Рассказать Вконтакте

Ақша үшін жанжалдасқан Шымкент тұрғыны танысын пышақтап тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Шымкент тұрғыны ақша үшін танысын пышақтап тастады. Фото: podpricelom.com

Шымкент тұрғыны ақша үшін танысын пышақтап тастады. Фото: podpricelom.com

22 мамыр күні түнгі сағат 22.00 шамасында Қаратау шағынауданы 194 орамда ер адамның денесі табылды.

1980 жылы туған Шардара ауданының тумасы өз үйінде ас үй пышағымен танысына екі рет соққы жасаған. Алған дене жарақатынан марқұм сол жерде жан тапсырыпты.

Алдына ала мəлім болғаны, кикілжің ақша мəселесінен туындаған. Ол танысынан миллион теңгеден астам қарызын қайтаруды талап етіп, ашу үстінде қылмысқа барыпты. Күдіктіні полиция қамауға алды.

Қаратау аудандық соты айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1-ші бөлігімен, қасақана адам өлтіру бабы бойынша айып тағып, екі айға қамауға алуға санкциялық шешімін шығарды.

Танысын өлтірген азамат енді кем дегенде 5 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
6
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір