RU
Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар Қоғам

Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 31 мамыр-2 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жауын. Көрнекі фото: Comments.UA

Жауын. Көрнекі фото: Comments.UA

Елімізде жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райы сақталады.Бұған тропосферада орныққан солтүстік-батыс ауа ағындарымен, солтүстік теңіздердің жағалаулық аудандарынан келген суық және ылғалды ауасы себеп.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарында күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, қатты екпінді жел соғады.

Ауа температурасы нормадан бір-үш градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарында түнде кей жерлерде үсік күтіледі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір