RU
Өскеменде қаланың қақ ортасындағы қоқыс үйіндісінен адамның сүйектері табылды
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде қаланың қақ ортасындағы қоқыс үйіндісінен адамның сүйектері табылды

Рассказать Вконтакте

Кезекті тексеру жұмысына шыққан эколог мамандар қоқыс үйіндісінен адамның бас сүйегі мен қабырғаларын, жамбас сүйегін тауып алған деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Адам сүйегі. Фото: rodina.news

Адам сүйегі. Фото: rodina.news

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, сүйекті тексеруге алып кеткен.

"Мұнда жекеменшік ұйымдар жер қазған болатын. Сүйектер сол кезде шыққан болуы мүмкін. Әрине, инфекциялық қауіп жоқ емес, бар. Түбегейлі тексеру керек", - дейді ШҚО-дағы экологиялық қауіпсіздік орталығының өкілі Анатолий Филиппов.

Эколог мамандар да ашық жатқан мүрденің адамдарға қауіпті екенін айтуда. Бұл әсіресе осы аумаққа жақын маңдағы тұрғындарға түрлі ауру жұқтыруы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір