RU

Өскеменде аялдамалардың бірінде құлап қалған мүгедек жан қаза тапты

28 мамыр күні Өскемендегі Абай даңғылындағы аялдамалардың бірінде мүмкіндігі шектеулі жан көз жұмды деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prokhv.ru
Фото: prokhv.ru: UGC

Түнгі сағат 22.00-де полицияға куәгерлер хабарласып, белгілі бір сауда үйінің маңында ер адамның ес-түссіз жерде жатқанын жеткізген.

Қала тұрғыны мүгедектер арбасынан құлап қалған. Оқиғаға куә болғандар арбасынан құлап қалған мүгедек жанға бірден көмектеспегенін айтады.

Қала тұрғынының айтуынша, бұл маңда тіршілік қызу әрі қозғалыс көп екен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, ер адамның көз жұмғанын анықтаған. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Ал, көз жұмған азаматтың кім екені әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734648-skemende-aaldamalardy-birinde-klap-kalgan-mgedek-zan-kaza-tapty.html