RU

Ресейлік аруды дәмсіз тамақ дайындағаны үшін сүйіктісі аяусыз сабап тастады (фото)

32 жастағы ресейлік бойжеткен жігітіне котлет пісіремін деп таяқ жеп қалды. Мишель Мандты сүйіктісі адам көргісіз қылып сабап тастаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Daily Record
Фото: Daily Record: UGC

Скотт Хауэллге қалыңдығының жасаған тағамы ұнамаған.

Бойжеткенді тіпті алғашқыда көршілері де танымай қалған.

Оңбай таяқ жеген ару дереу полицияға хабар берген. Скотт ұсталған бойда өз кінәсін мойындаған. Сондай-ақ Мишельді үнемі сабайтынын да жеткізіпті.

"Бойжеткенді анасы мен әкесі болмаса, ол жігіт әлдеқашан өлтіріп тастар еді. Ол көшеге шыққанда танымай қалдық. Бетінің сау жері жоқ. Бәрі көгеріп кеткен", - деді көршілері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734651-resejlik-arudy-dmsiz-tamak-dajyndagany-sin-sjiktisi-aausyz-sabap-tastady-foto.html