RU
Сахнада сағыз шайнаған Мейрамбек Бесбаевты көпшілік сынап тастады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сахнада сағыз шайнаған Мейрамбек Бесбаевты көпшілік сынап тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев осыдан 16 жыл бұрынғы видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, елді күлкіге қарық қылды. Алайда әншінің бұл жазбасын көрген оқырмандар Мейрамбектің сахнада сағыз шайнап тұрғанын ұнатпай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Музарт тобы. Фото: Instagram

Музарт тобы. Фото: Instagram

2000 жылдардың басында ән айтып жүрген жігіттердің сахналық киімін Майғазиевтың анасы "ит талаған жемпірлер" деп атаған екен.

"Паh, шіркін, не деген би. 16 жыл бұрынғы түсірілім. Мамам "Әлгі, ит талаған жемпірлерің бар ғой" дейтін. 2002 жыл", - деп жазып қойды Сәкен.

Өткенін еске алған Майғазиевтің видеосынан тыңдармандар Мейрамбектің "бірітүрлі" әрекетін көріп қалған.

Ал оқырмандар "Сол уақытта МузАрттың атағы дүркіреп тұр еді", "Үшеуің де нағыз жастық шақтың алауы лаулап тұр. Музартқа əрқашан басымды иемін", "Мейрамбек сағыз шайнап алған ба?", "Сахнаға олай шыққаны несі?".

"Халық жақсы көріп, сыйлаған сайын басынады", "Ит талаған ештеңесі жоқ қой. Қазіргі жастардың киімінен әлдеқайда жақсы", "Күшті билейтін болыпсыздар ғой". "Мейрамбек ағамыздың шайнаңдап тұрысын-ай", "Мейрамбектің мұнысын бірінші рет көріп тұрмын", - деп түрлі пікір білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
10
0
1
0
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel