RU

Трамп ешкімге ескертпестен атышулы Кардашьянды бөлмесіне кіргізген (фото)

Ақ үй басшысы Дональд Трамп тележүргізуші, модель Ким Кардашьянмен кездесу үшін жұмыс кестесіне өзгерту енгізген. Екеуінің кездесуі алдын-ала тіркелмегенімен Трамп модельді өзінің жұмыс бөлмесіне шақырған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дональд Трамп, Ким Кардашьян. Фото: life.ru
Дональд Трамп, Ким Кардашьян. Фото: life.ru: UGC

Бұл кездесудің басты мақсаты - Америкадағы түрме реформасына өзгеріс енгізу. Ал Карданшьян президенттен өмір бойына бас бостандығынан айрылған 62 жастағы Элис Мэри Джонсонды кешіруді сұрап келген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта екі жақтың қандай шешім қабылдағаны белгісіз. Ақ үй әлі күнге ресми мәлімдеме жасамады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734668-tramp-eskimge-eskertpesten-atysuly-kardasandy-blmesine-kirgizgen-foto.html