RU
Елімізде әйелінің орнына декретке шығатын ерлер саны өсіп кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде әйелінің орнына декретке шығатын ерлер саны өсіп кеткен

Рассказать Вконтакте

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр. Еңбек министрлігі әйелінің орнына бала бағатын ерлердің саны артып келе жатқанын айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Декретке

Декретке шыққан азамат. Көрнекі фото.

"Әрине, ер адамның декретке кетуіне заң бойынша тыйым жоқ. Бала туған соң, әйеліне көмектесу үшін демалысқа шыға берсе болады. Бірақ, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана түседі", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Декретте жүрген ерлердің бірі – Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев.

49 жастағы полковник жарты жыл бұрын баласын бағу үшін үш жылға демалысқа шыққан еді.

Әкелердің бұлайша бала күтіміне араласуы бекер емес. Елімізде туу көрсеткіші күрт өскен. Мәселен, соңғы бір жыл ішінде 400 мыңнан астам сәби дүниеге келген.

Бірақ, демография көрсеткішімен бірге, ажырасатын ерлі-зайыптылардың саны да артып жатыр. Былтыр 55 мыңға жуық жұп дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен.

Ерлердің декретке шығуына кей жағдайда ана өлімі де себеп.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір