RU
Қыдырәлі Болмановтың караокеде орындалатын әні үшін ақша талап еткені рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қыдырәлі Болмановтың караокеде орындалатын әні үшін ақша талап еткені рас па?

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын дүркіретіп той өткізген Қыдырәлі Болманов караокеде орындалатын әндері үшін ақша талап етті. Әнші барлық құқықтың сақталмайтынына наразы болған деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қыдырәлі Болманов. Фото: YouTube

Қыдырәлі Болманов. Фото: YouTube

"Караокеде ғана біздің "АБК" кезіндегі "Тамшылардан" бастап, қазіргі "Айналайынға"дейін әндеріміз бар. Бірақ біз олардан бір тиын да алмаймыз. Оны зерттеп, қарап жатқан бірде-біреуі жоқ. Ол ұжымдардың біреуі де отчет тапсырмайды", - деп ашынды Болманов.

Негізі, авторлық құқық туралы заң бойынша мейрамхана, караоке клубтарда әншінің жеке туындысы шырқалса, оған гонорар төленуі тиіс. Бір әннің құны шамамен 500 теңге. Бірақ, пайданы көздеген бизнесмендер артық шығынданғысы келмейді дейді өнер иелері.

Сондықтан, әншілер заңды белшеден басқан бизнесмендерді сабасына түсіріп, былыққа батқан саланы бір жүйеге келтіріп, реттеуді талап етіп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
2
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel