RU
Жігітін жазаламақ болған бойжеткен сәбиін қағып өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Жігітін жазаламақ болған бойжеткен сәбиін қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Калифорния штатына қарасты Онтарио қаласының тұрғыны жеті айлық сәбиін өлтіріп алды. 19 жастағы Сара Мария Гомес сүйіктісімен арада туындаған кикілжіңнен ашуға бой алдырған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалуда деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Сара мен оның сәбиінің әкесі мейрамханада отырып біраз ішімдік ішкен. Үйге қайтар жолда ғашықтар арасында келіспеушілік туындап, 21 жастағы ер адам кішкентай баланы ала көліктен түсіп қалды.

Ашуға бой алдырған бойжеткен жігітін жазаламақ болып, газды бар күшімен басып жіберді. Сержант Джефф Хигбидің айтуынша, Сара мас күйде болған көрінеді.

Оқиғадан зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаға бірден жеткізді. Ер адам кішігірім жарақаттармен құтылса, дәрігергер жеті айлық нәрестенің өмірін сақтай алмай қалған.

Сәбидің алған жарақаттары аса ауыр болуына байланысты, оның өмір сүруге мүмкіндгі болмады.

Отбасының көршілерінің айтуынша, анасына қарағанда кішкентай қызбен әкесі көп уақыт өткізетін.

Қатыгез бойжеткенге адам өміріне қастандық жасау мен адам өлтіру айыптары тағылып отыр. Тәртіп сақшылары енді бұл әрекеттің қасақана немесе абайсызда жасалғанын анықтау керек.

Бойжеткен үшін бір миллион көлемінде кепілдік төленіп, ол уақытша бостандыққа шығарылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel