RU
Шымкенттік шенеунік шатырдың тесілуін биік өкшелі туфли киетін әйелдерден көрді
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік шенеунік шатырдың тесілуін биік өкшелі туфли киетін әйелдерден көрді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша жетімдер мен мүгедектерге берілген үйлердің қабырғалары шытынап жатыр. Нұрсәт ықшамауданындағы 108 пәтерлік үш үйдің тұрғындары жауын-шашын болса азапқа түседі деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкенттік шененунік

Шымкенттік шененунік

Шатырдан аққан су жоғары қабаттардағы пәтерлерді басып, тіпті дымқылданған электр сымдарының тұйықталуы да жиі болады екен. Соның салдарынан жарық сөніп қала береді. Ал шенеуніктер бәленің бәрі қыз-келіншектердің аяқ киімінен деп отыр.

Тоғыз қабатты үйлер 5 жылдан аса уақыт бұрын жетімдер мен мүгедектерге берілген.

Тұрғындардың сөзінше, үйдің тым сапасыз екенін енді көшіп келген кезде мердігердің өзі ашық айтыпты. Бірақ шу шығармауды сұрап "өзіміз қатырамыз" деп алдаған. Үйді салдырған жұмыспен қамту бөліміндегілердің де әрекеті осы сарындас.

Расымен де ақжағалылар өздеріне де, мердігерге де шаң жуытпай, "үйді екі мәрте жөндеткенбіз" деп отыр. Олар "шатырдан су кетуіне - құрылыстың сапасыздығы емес, шатырға біз өкше аяқ киіммен шығып, тесіп тастаған қыз-келіншектер кінәлі" екенін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды.

"Қыз-келіншектер каблуктарымен жүреді. Сол себепті тесіктер пайда болған", - дейді Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.

Мердігердің келісім-шарты бойынша үйлерге екі-ақ жылға кепілдік берілген. Ол мерзімнің әлдеқашан өтіп кеткенін ескердік деген шымкенттік шенеуніктер енді қыз-келіншектердің биік өкшесі тескен тесіктерді жамауға демеуші іздеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
0
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel