RU

Көкшетауда үшінші қабаттан құлап кеткен 5 жасар қыз аман қалды

Көкшетауда бес жасар қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Қазір баланың жағдайы бір қалыпты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көкшетауда бесінші қабаттан құлап кеткен 5 жасар қыз аман қалды
Көкшетауда бесінші қабаттан құлап кеткен 5 жасар қыз аман қалды: UGC

Оқиға Көкшетаудағы Бурабай шағын ауданында болған. 2013 жылы туған қыз үшінші қабаттан құлап, Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың хәлі – орташа деңгейде, ауыр жарақат алмаған. Қазір хирургия бөлімінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734680-kksetauda-sinsi-kabattan-klap-ketken-5-zasar-kyz-aman-kaldy.html