RU
Жігер Ауыпбаев әлемдік жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетпекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жігер Ауыпбаев әлемдік жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетпекші

Рассказать Вконтакте

Тыңдарманын жаңа әндері мен бейнебаяндары арқылы қуантып жүрген отандық әнші Жігер Ауыпбаев қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол атақты музыкант Байғали Серкебаевтың шығармашылық кешінде ресейлік жұлдыздармен бірге өнер көрсетеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев әлемдік жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетпекші

Жігер Ауыпбаев әлемдік жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетпекші

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Әлемдік аренада қайнап жүрген жұлдыздармен бір саxнада өнер көрсету мен үшін және менің командам үшін үлкен абырой.

Бұйырса 16-маусым, Астана қаласында А-Студионың мерейтойлық шығармашылық кешінде жолыққанша!

Кештің өтетін орны - "Сарыарқа" республикалық велотрегі", - деп жазады Жігер Ауыпбаев.

Бұл жаңалықты естіген жанкүйерлері мен оқырмандар құттықтауын жеткізіп, Жігерге сәттілік тіледі.

"Жарайсың Жігер сен сол сахнаға лайықтысың!", "Қуанышың құтты болып, әлі талай биікті бағындырар сүйіншің көп болсын, сенің әр алға басқан қадамың үшін аллаға шүкіршілік етемін, себебі ол - сенің еңбегіңнің бағалануы, сен бәріне лайық жансың", - деп жазды тыңдарман қауым.

Айта кетерлігі, елордамыз Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырғалы отырған бұл кешке Жігер Ауыпбаевтан бөлек қазақстандық әншілерден Диная, Марсель және "The Jigits" тобы да қатысады екен.

Ал концертке шақырылған ресейлік орындаушылардың арасында Валерия Меладзе, Леонид Агутин, Алексей Чумаков және "А-Студио" тобы бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір