RU

Атырауда кәмелетке толмаған төрт жеткіншек жүкті болып қалған

Атырауда жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың жүкті болуының төрт оқиғасы тіркелді. Жасөспірімдердің ешқайсысы жалғызбасты ана болмай шыққан. Қыз балалардың әрқайсысы отбасын құрып үлгерген деп хабарлайды "Мой Город"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dni.ru
Фото: dni.ru: UGC

Жасөспірімдер қалалық білім бөлімінің есебіне енгізілген. Олардың барлығы тұрмысқа шығып, кешкі оқу түріне көшті.

Қазіргі таңда жастар арасында ауқымды тойдан гөрі, діни тұрғыда неке қию дәстүрі кең қанат жайып келеді.

Өткен жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда, Атырауда биыл жүкті болып қалған кәмелетке толмаған жасөспірімдер саны күрт азайған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734685-atyrauda-kmeletke-tolmagan-trt-zetkinsek-zkti-bolyp-kalgan.html