RU
70 жастағы шалына тоқал алып бергісі келген кейуана елді дүр сілкіндірді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

70 жастағы шалына тоқал алып бергісі келген кейуана елді дүр сілкіндірді (фото)

Рассказать Вконтакте

24 жасында жарының шаңырағына екінші әйел болып түскен Жеңісгүл Ермұқамет күйеуіне тоқал алып беруге қарсы емес. Күйеуінің өзінен 25 жас үлкендігі мен бәйбішесінен туған 4 баласы барына қарамастан етегінен ұстаған келіншек бүгінде сегіз бала сүйіп отыр деп хабарлайды zamana.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жеңісгүл Ермұқамет пен Мұхамеди мырза. Фото: zamana.kz

Жеңісгүл Ермұқамет пен Мұхамеди мырза. Фото: zamana.kz

Жеңісгүл мен Мұхамеди мырза Қытайдың Алтай өңірінде дүниеге келген. Жасы 24-ке келгенде өзі жұмыс істейтін жердің басшысы Мұхамеди мырза өзінен 25 жас кіші Жеңісгүлге сезім білдірген екен.

Бастапқыда шошып кеткен ол, артынша ол кісіге бауыр басып қалғанын біліпті. Келісімін беріп, ата-ананың алдынан өткен соң, олар шаңырақ көтерген. Күйеуінің бұл ісіне бәйбіше де қарсы болмаған. Ол күйеуінен басқа әйелге кеткен жағдайда өз кәсібін 4 баласына қалдырып кету керектігін айтқан екен.

Бәйбішенің дегенін орындаған Мұқамеди мен Жеңісгүлдің алғашқы балалары іште өліп қалса, екіншісін Қытайдың заңына байланысты алдырып тастаған.

Баласыз жүруді қаламаған Жеңісгүл өздерін танымайтын өзге ауылға көшіп барып, қалған екі баласын өзі босанып, кіндігін өзі кескен.

"2004-жылы Шығыс Қазақстан облы­сының Күршім ауданына, Мар­қакөл ауылына көшіп келдік. Кен орындарын зерттеу секілді мақсатымыз бар еді. Ең соңында мал бағып өмір сүрейік деп жер сұрадық. Алайда шабындық жер де болмады. Сосын балалар білім алатын жерге көшейік деп Астанаға қоныс аудардық", - деді Жеңісгүл Ермұқамет.

Алайда Астананың шет жағынан жер алып, үй салғанымен ол жер де сүрлеуге кеткен.

Қазір олар 8 баламен бір бөлмелі пәтерді жалдап күн көруде. Сондай-ақ Қытай жерінде қалған бәйбішемен әлі күнге араласып тұратынын да жасырмады.

Жеңісгүл апай күйеуінің үшінші әйел алуға деген ниеті барын жеткізді. Алайда 70 жастағы қария тұрмысын түзеп алуды ойлап жүргенге ұқсайды.

"Жолдасым биыл 70-ке келді, денсаулығы, күш-қуаты жақсы. Үйленсем қайтеді деп жүр. Оған мен де қарсы емеспін. Әлдеқашан рұқсатымды беріп қойғанмын. Тек қазір тұрмыс жағдайын түзеп алсам деп күтіп жүр. Бұйыртса, кім біледі, үшінші мәрте үйленетін шығар. Ол енді алдағының еншісіндегі дүние", - деді жан сырымен бөліскен Жеңісгүл Ермұқамет.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
31
1
10
4
1
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel