RU
Ғалымдар ішімдік пен темекіге тәуелділікті емдеудің оңай жолын тапты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар ішімдік пен темекіге тәуелділікті емдеудің оңай жолын тапты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Буффало университетінің ғалымдары ішімдік пен есірткі тәуелділігін емдеуде қарапайым физикалық жаттығулардың көмегі зор екенін анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Мамандар спорттық жаттығулар аясында орын алатын медикаментозды терапияның адам бойындағы жаман әдеттерден арылтуға елеулі түрде көмектесе алатынын дәлелдеді.

"Жаяу жүру, жүгіру қол-аяққа салмақ түсірудің өзі нейромедиатордың көбею көрсеткішін төмендетіп тастайды. Ол өз кезегінде адамның тәуелділік сезімін анағұрлым бәсеңдетпек" , - деп айтты ғалымдар.

Соған қарағанда, ішімдік пен есірткіге деген тәуелділікті жеңу үшін қыруар ақшаға курстарға барғанша, қарапайым жаттығуларды жасаған жөн.

Зерттеушілердің айтуынша, аптасына 150 минутын физикалық жаттығуларға арнағандардың артрит, диабет және түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі азая түседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel