RU
Әйелдерге "тәнін сатып" байып кеткен қазақ жігіті жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Әйелдерге "тәнін сатып" байып кеткен қазақ жігіті жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Кезінде мектепте жақсы оқып, жоғары оқу орнына түскенін айтқан жігіт өзінің жан сырымен бөлісті. Ол оқу орнында жүріп ақша табу үшін қосымша жұмыс жасаған. Өзі оқыған кафедра деканының орынбасары - Заира есімді ұстаздың оң қолы болады. Русланның (ред. есімі өзгертілді) "жезөкшелік" жолға түсуіне де ұстазы себепші болған деп хабарлайды oqiga.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Экспресс К

Фото: Экспресс К

Ол сөйтіп жүріп, өзінен 17 жас үлкен ұстазына ғашық болып қалған.

"Сөйтіп жүргенде 2 курс басталып кетті. Заира мұғалім де бір сылтаулармен мені өзінің кабинетіне жиі шақыратын болды. Шақырса құстай ұшып жетіп барамын. Қасынан кеткім келмейді, "тағы да бір жұмыстар шықса екен" деп армандап тұрамын. Сүйікті мұғалімімнің қасынан бөтен ер-азамат көрсем өзімше еркек болып, қызғанатынды да шығардым", - деп жан сырымен бөлісті Руслан.

"Бір күні Заира ұстазым мені саяжайдағы үйінің жұмысын жасауға шақырды. Кешкісін асын дайындап, дастарханға коньяк қойды. Спиртті ішімдіктен кейін біз бір төсектен шықтық.

Сабақтан шыққан соң бірден апайымның үйіне тартамын. Қалтамда өзімнің жеке кілтім де бар. Таза киім, мол тамақ, рахат өмір арқасында менің күйім де жақсарып, біраз толдым. Сол үйдің еркегіне айналдым. Апайым да күннен-күнге жасарып барады.

Сабақтан қалмаймын, оқуымды жақсы оқып жүрдім. Топтастарым менің апайыммен ара-қатынасымыздан бейхабар. Сезіктенгендерге "алыс туысқаным" деп қоямын", - деген жігітті ақыры Заираның Мәскеуден келген құрбысы "сатып" алған.

"Шынын айтсам, Заира апайым маған клиент жинап қоятын болды. Мен де төсекте әккі "серік" бола білдім. Клиенттердің барлығы қырықтан асқан. Тіпті елудегі орыс-қазағы бар әйелдер.

Сабаққа баруды да азайттым, ол жағын да Зайра апай реттейді. Осы қызметімді жасап жүріп оқуымды аяқтағанша, біраз қаржы жинап алдым. Екі жылдай осындай қартаң бай әйелдердің төсекте тілін тауып, қаржымды жинап, басқа қалаға тайып тұрдым.

Ол кезде есейгенім бе, Зайра апайыма деген махаббатым да өше бастаған. Жинаған қаржыма ойланбастан мемлекеттің сатылып жатқан асхана, дүкендерін сатып алдым. Осылайша бизнес әлеміне еніп кеттім", - деген Руслан болашақ жарына өткенін жасырмай айтып берген.

Бүгінде Русланның ұйып отырған отбасы, өзін түсінетін жары мен екі баласы бар. Бірнеше жыл "жезөкшеліктен" жинаған қаржысын жеке кәсіп ашуға арнаған ол, қазір үлкен қожалыққа да ие болып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
37
5
25
2
2
30
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel