RU
Қарызға белшесінен батқан әйгілі Роналду сегіз жылға сотталмақшы
Жаңалықтар Спорт

Қарызға белшесінен батқан әйгілі Роналду сегіз жылға сотталмақшы

Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду сегіз жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды lenta.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Криштиану Роналду. Фото: Чемпионат.com

Криштиану Роналду. Фото: Чемпионат.com

Футболшының қорғаушылары айыппұлды 14,7 млн еуро көлемінде төлемек ойда болған. Алайда, құзырлы орган бұған тыйым салып отыр. Испанияның салық агенттігі спортшыға 28 млн төлеуді талап еткен. Егер Роналду осы соманы 15 маусымға дейін төлеп үлгермесе, агенттік оны сотқа береді.

Шабуылшы осы талаптарға келіссе, онда екі жылға шартты түрде жаза алатын болады. Келіспеген жағдайда сегіз жылға бас бостандығынан айырылады.

2017 жылдың маусым айында испандық прокуратура Роналдуға қатысты іс қозғаған болатын. Ол 2011 мен 2014 жылдар аралығында 14,7 млн еуро көлемінде салық төлемей, қарыз болған. Құзырлы органның айтуынша, спортшы өзінің кіріс пайдаларын арнайы құрылған бизнес-құрылым арқылы жасырып отырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
8
5
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel