RU

Сүйіктісіне ақшадан алып гүл шоғын ұсынған жігіт жазаға тартылуы мүмкін

Қытайда сүйіктісіне ақшадан алып гүл шоғын жасаған жігіттің басы дауға қалды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Чунцин қаласының тұрғыны 17 миллионға жуық ақшаны гүл шоғына айналдырған екен. Алып буманы жасау үшін жеті дизайнер 10 сағат бойы еңбек еткен.

Алайда Қытайдың ұлттық банкі валютаны қорлаған жігітті жаза тартпақ ниетте.

"Бұлай жасауға тыйым салынған. Себебі халық юаньді құрметтеуі керек. Сезімді білдіруге болады. Бірақ заң бұзу жолымен емес", - деді ұлттық банк қызметкері.

Айта кетейік, гүл шоғын жасау барысында юаньдарға зиян келтірілгені немесе келтірілмегені белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары басталып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734704-sjiktisine-aksadan-alyp-gl-sogyn-syngan-zigit-zazaga-tartyluy-mmkin.html