RU

Күйеуін қызғанған әйел көңілдесін жұрт көзінше ұрып тастады (видео)

Қызғаншақ әйел күйеуінің көңілдесін көше бойында ұрып тастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайдың солтүстігіндегі Ханьчжуне қаласының адам көп жүретін көшелерінің бірінде қызғаншақ әйел жарының көңілдесін жазалады. Көшедегі адамдардың көптігі оның "отбасын ойрандаушыны" ұруына еш кедергі келтірмеген.

"Менің отбасымнан аулақ жүр деп айттым ғой саған", - деп ашулы әйел айқайға салды.

Желі қолданушылары көшеде жиналған адамдардың екі әйелді арашаламағандарына аң-таң.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734712-kjeuin-kyzgangan-jel-kildesin-zrt-kzinse-ryp-tastady-video.html