RU
Енесінің жөзекше екенін білген алматылық келіншек шарасыз күйге түсті
Жаңалықтар Қоғам

Енесінің жөзекше екенін білген алматылық келіншек шарасыз күйге түсті

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншек тұрмыс құрған отбасында енесінің жеңіл жүрісті әйел екенін біліп қойған. Ата-анасы ажырасуын талап етсе де күйеуін тастап кете алмаған ол желіде оқырмандардан көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Енесінің жөзекше екенін білген алматылық келіншек шарасыз күйге түсті

Енесінің жөзекше екенін білген алматылық келіншек шарасыз күйге түсті

«Менің енем – жөзекше. Бұл туралы тұрмысқа шыққаннан кейін білдім», - деп бастады сөзін желі қолданушысы.

Айтуынша, екінші анасының бұл тірлігі туралы балалары біледі. Дегенмен, олар анасын қандай болса солай қабылдауға дайын екендерін айтқан.

«Күйеуім де, қайын сіңлілерім де бұл туралы біледі екен. Бірақ аналары болғандықтан ештене демейді», - деп жазды ол.

«Енем өзі басқа қалада тұрады. Біз басқа қалада тұрамыз. Оның жеңіл жүрісіне тосқауыл болу үшін үйге көшіріп алып келдік. Бірақ бәрібір жұмысына қашып кетті.», - дейді.

Құдағайының қызметі туралы білген ата-анасы қызынан ажырасуын талап еткен. Күйеуін жақсы көретін келіншек олай жасауға дәті бармайтынын айтты.

«Анасы сондай болғанмен менің күйеуім өте жақсы адам. Ата-анам болса «қайтып кел»,-деп отыр. Енді не істесем болады?», - деп оқырмандардан көмек сұрады.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
3
10
17
4
15
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір