RU
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заң қабылдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заң қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан парламенті сенатының депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін "Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі туралы" заңды қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Қауіпсіздік кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыреті мен қызметін ұйымдастыруды айқындайтын заң жобасында президентке тағы бір өмірлік мәртебе берілетіні сөз етілген.

"Бұл ретте Қазақстанның тұңғыш президентіне – елбасына оның тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік кеңесін төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі екендігі белгіленеді", — деп жазылған заң жобасы бойынша қорытындыда.

Айта кетсек, Әділет министрі Марат Бекетаев Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін норманың өткен жылы бекітіліп қойғанын түсіндірген болатын.

Осылайша конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқара алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
31
3
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel