RU
Гүлшара Әбдіхалықова жазықсыз атылған жандардың рухына тағзым етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Гүлшара Әбдіхалықова жазықсыз атылған жандардың рухына тағзым етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Ақтөбеде жерленген қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етуге арнайы келді. Екі мыңнан аса саяси құрбандар жерленген төбе басына барған мемлекеттік хатшы қасіретті жылдардың қайтып келмеуін тіледі деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Гүлбаршын Әбдіхалықова

Гүлшара Әбдіхалықова Ақтөбеде. Фото: nur.kz

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады" деген сөзі бар. Біздің Тәуелсіздікке дейінгі тарихымызда халқымыздың тартқан қасіреті аз болмаған.

Соның ең қасіретті тұсының бірі - арыстарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған 1930-1950 жылдар. Жұт жеті ағайынды. Қынадай қырылған ашаршылықтың артында жұртты жаппай жазалау басталды. Халық саны күрт кеміген өткен ғасырдың отызыншы жылдары ұлтымыздың бетке ұстар зиялы қауымы кінәсіз атылды.

Зұлмат жылдардың жаңғырығы халық жадынан өшпейді. Азаттық алып, егемен ел болғалы жақсылар мен жайсаңдарды түгендеп келеміз. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамыр барша қазақстандықтар үшін қастерлі күн", - деді Гүлшара Әбдіхалықова.
Гүлбаршын Әбдіхалықова

Гүлбаршын Әбдіхалықова

Мемлекеттік хатшы атаулы күнге байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде 4000 әртүрлі шараның ұйымдастырылып жатқанын айтты.

"Ел басына күн туған қаралы кезеңде Ақтөбе халқының да тартқан тауқыметі орасан зор. Сондықтан біз мұнда әруақтар алдындағы адами борышымызды орындап, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағы бір мәрте тағзым етеміз.

Ақтөбе облысында 8 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Сұмдығы көп сұрапыл кезеңде жантүршігерлік жала жабылып, ату жазасына кесілгендер осы Түйетөбе сайында жерленген.

Зұлмат замандарда арыстардың көрген қасіретін ішке бүгіп келдік. Сондықтан мұндай қасиетті топырақты қастер тұту біздің перзенттік парызымыз", - деді мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова.

Қасіретті төбе басындағы бабалар рухына тағзым етуге барған ақтөбеліктерге облыс әкімі де тарихтың ұмтылмайтынын айтты.

"Тарихсыз болашақ болмайды. Өткен ХХ ғасыр қазақ үшін қасіретті, қайғылы болды. Біз оны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздігіміздің арқасында жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатыр. Бүгін біз осынау төбеде тұрып, әруақтарға тағзым етуіміз керек. Олар халықтың болашағы үшін жанын қиды", - деді Бердібек Сапарбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel