RU
Меган Маркл сүйіктісі Гарри ханзаданы не үшін жылатып қойды?
Жаңалықтар Әлемде

Меган Маркл сүйіктісі Гарри ханзаданы не үшін жылатып қойды?

Рассказать Вконтакте

Көпшілік күткен жыл тойы ойдағыдай дүркіреп өтті. Гарри ханзада корольдік бойдақ атағынан айырылып, америкалық актрисаны ханшайым етті. Жұрт назарында болған ауқымды шарадан кейін, ерлі-зайыптылар кілең жақындарымен бас қосқан. Бұл жиында сөйлеген Меган Марклдің сөздері оның сүйіктісін елжіретіп жіберді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Тек жақын туыстары мен достарының арасында кеш өткізген корольдік жұптың жабық жиынынан тың ақпарат белгілі болды. Көпшілік жаудырған тілектерден кейін, сөз тізгінін су жаңа ханшайым алған.

Меган Маркл жиналған адамдарға өз алғысын білдіріп, сүйіктісіне өз атынан өлең жолдарын арнады. Танымал актрисаның ерекше қабілетінен көпшілік қауым бейхабар болған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Сүйіктісінің өзі жазған өлеңі Гарри ханзаданы тебірентіп жібергені соншалық, ол көзіне еріксіз жас келгенін де аңғармай қалды. Меган жазған өлең шумақтары "Сенімен кездесу құдайдың сыйы іспеттес" деген жолдармен аяқталған.

Әйелінің әсерлі туындысы ұлыбританиялық ханзаданың жүрегін елжіретіп жібергендей. Жиынның қонақтарының айтуынша, Гарри Меганның тың талантын мүлдем білмеген.

"Бұл Гарри үшін күтпеген тосын-сый болды" , - деп айтты қонақтар.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір