RU
Ілияс Жансүгіровтің ұлы әкесінің өлімі жайлы ащы шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ілияс Жансүгіровтің ұлы әкесінің өлімі жайлы ащы шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақ әдебиетінің бәйтерегі Ілияс Жансүгіров өмірінің соңғы сәттері жайлы ұлы Саят Ілиясұлы өткір дерек келтірді деп хабарлайды Айқын басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Саят Ілиясұлы - Ілияс Жансүгіровтің үшінші әйелі, яғни Фатима Төребаевадан туған баласы. Айтуынша, әкесі мен анасы Фатима 1928 жылы сол замандағы елдің аста­насы Қызылордада танысқан. Алайда, оның екі жасында әкесі мен шешесі ажырасып кеткен.

Саят Ілиясұлы. Фото: aikyn.kz

Саят Ілиясұлы. Фото: aikyn.kz

Жасы тоқсанға таяған ақсақал ел азаматының ұлы екеніне сенбейтіндерге көрсететін құжаты бар екенін де растайды.

«Халық жауының» ұрпағы деген құжатым бар. Бір жапырақ куәлік – Ілияс Жансүгіровтің баласы екенімді ресми дәлелдейтін құжат.

Саят Жансүгіровтың айтуынша, әкесінің тағдыры жайлы айту оның жүрегіне шаншудай қадалады. Ол осы уақытқа дейін бұрмаланып келген бірқатар деректердің ақ-қарасын айырып берді.

1938 жылы 26 ақпанда әкемді түнде атқан. Алматының іргесіндегі Жаңалық ауы­лын­да құлағалы тұрған үйлердің іргесіне тастай салған. Жендеттер үйдің қабырғасын үстіне құлатып, көмбей жөніне жүре берген. Фатима Ғабитоваға бір айдан соң «Сіздің күйеуіңіз Сібірдегі лагерьлердің бірінде жүрек ауруынан қайтыс болды» деген маз­мұн­дағы хат келген дейді замандастары. Түрме­ден келген хаттарда «Алашордалықтар айдауға кеткен, байланысуға болмайды» деп шындықты бізге айтпаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
13
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір