RU
Алматыда менингиттен 22 жастағы жігіт көз жұмды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Алматыда менингиттен 22 жастағы жігіт көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында менингококк инфекциясынан жас жігіт көз жұмды. Қайғылы оқиға Қарасай ауданында 28 сәуір күні орын алған. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Ivbg.ru

Көрнекі фото: Ivbg.ru

Дәрігерлердің айтуынша, 22 жасында марқұм болған жігіт "Алтын Орда" базарында жұмыс істеген.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті берген мәліметтерге сәйкес, көз жұмған науқасқа тиісті емдік шаралардың барлығы жасалған.

Енді ол өлім алдында байланысқа түскен адамдардың барлығы дәрігерлер бауқылауына алыныпты. Алайда оларда ұқсас дерт белгілері анықталмаған.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде менингит құрбандарының саны сегізге жеткенін мәлім еткен. Оның төртеуі Алматы қаласынан.

Сондай-ақ жұқпалы инфекцияның алғашқы белгілері мен қорғану жолдарын жариялаған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel