Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім тиіспейді": Алматылық бойжеткен гей-клубтан алған әсерімен бөлісті

Опубликовано:

Алматылық бойжеткен қаладағы танымал «гей» клубтардың біріне барғанда алған әсерімен желіде бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алматылық бойжеткен
"Гей-клуб". Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Бойжеткен қалада «гей» клубтардың бар екенін достарынан естіген. Айтуынша, оны бірінші таң қалдырғаны - түнгі клубқа кіру қыздар үшін ақылы болса, ер жігіттер үшін тегін.

"Менің дәстүрлі емес сексуалды бағыттағы адамдарға көзқарасым – қалыпты. Оларды қабылдай аламын, тек маған тиіспесе болғаны", - деп бастады әңгімесін ол.

"Кірдім. Адамдар сондай жайлы әрі қарапайым. Ол жақта ешкім сенің киіміне, сырт келбетіне мән бермейді. Олар жай ғана күліп қарайды. Әркім өзімен-өзі, бір-бірімен шаруасы жоқ. Сен тіпті би алаңында жер иіскеп жатсаң да сені ешкім мазаламайды», - дейді бойжеткен.

Олар қоғамдағы сын-пікірлерден шаршаған, сондықтан клубта гейлер бір-біріне сыйластықпен қарайтын көрінеді.

"Мұнда шешіндіреді. Тек жігіттер жігіттерді, қыздар қыздарды. Олардың өздеріне ғана түсінікті ойындары бар.

Мұнда барынша сенуге болады. Ешкім саған келіп тиіспейтінін білесің. Өзіңді қауіпсіз сезінесің", - деген ол Алматыда гейлер осыншалықты көп деп ойламағанын ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734746-eskim-tiispejdi-almatylyk-bojzetken-gej-klubtan-algan-serimen-blisti/

pixel