RU
Сталиндік репрессия: "Халық жауы" атанған азамат "тозақтан" қалай құтылды? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Сталиндік репрессия: "Халық жауы" атанған азамат "тозақтан" қалай құтылды? (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ үшін оңай тиген жоқ. Ұлт зиялыларының жаппай сталиндік қуғын-сүргінге ұшырауы елдегі 22 мың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтың өмірін жалмады. Дәл осы жылдары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауылдардың бірінде басшылық қызмет атқарған Мәзен Орданбердиев те үкіметтің "қарғысына" ұшырап, жер айдалғандар қатарында болған. NUR.KZ порталы "халық жауы" атанып кеткен тағы бір ауыл зиялысының азапты өмірі туралы деректер ұсынады.

Қуғын-сүргін трагедиясы: "Халық жауы" деп сотталған ауыл зиялысы "нағыз тозақтан" қалай қашып шықты?

Мәзен Орданбердиев екінші отбасымен бірге

Мәзен Орынбердиевтің тағдыры сол кезеңдегі көптеген қазақ зиялыларының өмірі секілді оңай болған жоқ. Жақындары оның өмірінің тек кішкене бөлігінен ғана хабардар. Бір үзік сырын ол 70-жылдары өзінің асырап алған ұлына айтып берген. Бүгінде оның Үміт есімді асыранды қызы ШҚО-дағы Зайсан ауданынды тұрады.

"Әкеміздің шын есімін өзі ғана біледі. Кейде ғана болмаса, өмірінің ауыр сәттерін өте сирек бөлісетін. Ол 1906 жылы өмірге келген. Көзі ашық, білімді болған болу керек, тура сол 30-жылдары Марқакөлдегі ауылдардың бірінде басшылық қызмет атқарған зиялылар емшектегі баласы артында қалыпты. Ал өзі сонау қиырдағы Финляндияға жер аударылған екен", - дейді Үміт.

Оның айтуынша, Мәзен ата Финляндиядағы өмірін нағыз тозаққа теңеген. Бірнеше жыл бойы жат елде жүріп, қыстың қақаған аязында Еуропа ормандарындағы өзендерді кешіп, ауыр-ауыр бөренелерді сал ғып байлап, өзен ағысымен әлдебір жаққа жіберіп отырған.

"Ол кісі Финляндияда қазақтардың көп болғанын айтатын. Барлығын қараңғы бір бөлмеге қамап ұстап, аш-жалаңаш жұмыс істеуге шығарады екен", - дейді қызы.

Өзегі талып, бір үзім нанға зар болып жүріп, көптеген саяси тұтқын о дүниелік болған, дейді ол.

"Қалай қашқаны белгісіз, әкеміз сол жақта жүріп әйтеуір қашып шыққанын айтады. Тау-тастан өтіп, Еуропаның ормандарынан өтіп, елге жетіпті. Бірнеше адам болып шыққан екен. Қанша уақыт жолда жүргені өзіне аян. Қасындағы адамдарыныың тағдыры қалай аяқталғаны белгісіз. Сөйтіп ол елге келген соң, туған ауылына бармай, Зайсанға тұрақтаған екен. Әйелі мен баласына зияны тиіп кетпес үшін аты-жөнін өзгертіп, оларды өле-өлгенше көрмей кетті.

Бірақ сырттай бақылап, олардың амандығына көзін жеткізіп отырған сияқты. Кейіннен 60-жылдары болар, менің анама үйленген екен. Ауылда бір мекемеге күзетші болып қызметке орналасады. Бірақ араларында бала болмаған", - деген Үміт өзін ерлі-зайыптылар асырап алғанын айтады.

"Адуындылау, өткір адам болған деседі оны көргендер. Қалай қиналғанын, қандай азап көргенін мүлдем айтпайды. Шет жағасын шығарып қана қоятын еді. Шыны керек, өле өлгенше ол жан сырын бір адамға айтпай кетті. Сол бір үзік сырларын ғана білеміз. Ол кісі 1975 жылы өмірден озды. Бірақ мен оның "жалған" тегін әлі алып келе жатырмын.
Ол кейін гаражда күзетші болып жүргенде, оның кайсыбір жылдары білдей бір ауылдың белді бір басшысы болғанын ешкім білмей кетті. Қатты қорыққанынан бір адамға тіс жармады ғой. Оның өмірі осылай қор болды. Ал артында сол кезде бір айлық кезінде қалған баласы да әкесінің көрші ауылда тұратынын естісе де, со күйі бір іздеп келмеді. Қазір оның өзі де бақилық болған", - дейді ол.

Айта кету керек, ұлт зиялылары туралы естеліктерде Міржақып Дулатов та Ақтеңіздегі Сосновец аралына (Польша) айдауға болғаны туралы айтылады. Сол жерде Міржақып өзінің туған ағасы Асқарды да кездестірген екен. Демікпеге шалдыққан ағасын кейіннен Котлас деген жерге айдап жіберген. Міржақыптың ағасы Асқар Дулатов сол кеткеннен елге оралмапты. Қазақтың бір азаматының тағдыры сол зұлмат заман кесірінен осылайша өрбіген.

Еске салсақ, бүгін елімізде 22 мың зиялы азаматтың өмірін жалмаған сталиндік қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ел жадында аз кем сақталынып қалған тарихтың ақтаңдақтары әлі де ел арасында айтылып келеді. Басына түскен ауыр зұлматқа көндігіп, жүні жығылған халық бұл жылдары қайта тұрмастай мертіккен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
11
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel