RU

Эфирде қазақ қыздарын төбелестіріп қойғандардың мақсаты белгілі болды (видео)

"КТК" арнасынан көрсетілетін "Кел келінім" бағдарламасының жүргізушісі, "Джейран" тобының әншісі Фариза Ескермесова эфирде қазақ қыздарын төбелестіретіндерінің негізгі мақсатын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фариза Ескермесова. Фото: Instagram
Фариза Ескермесова. Фото: Instagram: UGC

Бағдарлама жүргізушісі Instagram парақшасы арқылы көрермендерге жауап қайтарған.

"Кел келінім" жобасында сценарий бойынша жұмыс жасалмайды. Реалити шоу болғандықтан, барлығы өмірдегідей шынайы. Әркімнің өмірінде де кикілжіңдер болады. Адам болғаннан кейін түсініспеушілік болады. Бұл форматтағы жоба елімізде алғаш болғандақтын үйренісе алмай, түсінбей жатқандар да бар. Бірақ, ұрыс-керіске ғана мән бермей, жобаның түпкі мақсатына көз жүгіртіңіздер.

Осы бағдарлама арқылы ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды барынша көздеуді мақсат тұттық. Өзім толықтай сенімдімін. Осындай айқай-шудан кейін адам ойланып, түзеледі. Бұл әркімнің басынан өтетін жағдай. Көріп отырған көрермендерімізге де пайдасы тиеріне сенемін. Әрбір адам тәрбиеге , білімділікке , өзіміздің салтымызға көбірек мән береді деген үміттемін", - деді "Кел келінімнің" жүргізушісі.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын эфирде жаға жыртысып, бір-бірімен төбелескен қазақ қыздары жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734750-efirde-kazak-kyzdaryn-tbelestirip-kojgandardy-maksaty-belgili-boldy-video.html