RU
Әсет Исекешев Астанада жолақы қымбаттамайтынын кесіп айтты
Жаңалықтар Қоғам

Әсет Исекешев Астанада жолақы қымбаттамайтынын кесіп айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астана қаласының әкімі Əсет Исекешев тілшілер алдында есеп беріп, қала әкімі соңғы кездері жиі көтеріліп жүрген Астанадағы жолақы мәселесін де тілге тиек етті. Айтуынша, елордада әзірге жолақысы қымбаттамайтын көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

"Бірден айтайын қалада жолақысы қымбаттайды деген ақпарат жалған. Осы ретте тілшілерге айтатын назым бар еді: мәтіннің ішінен тек өздеріңізге ғана қажет ақпаратты суырып алып шықпасаңыздар екен. Өздеріңіз білесіздер қазір жанар-жағармай бағасы күн санап қымбаттап барады, девальвация мен инфляция тағы бар. Бірақ тариф бұған дейін ешқашан қымбаттамаған еді. Сондықтан біз қазір осы салада қаржы үнемдеу жағын қарастырып жатырмыз.

Бұл тұрғыда біз автопарктермен де,тіпті, банк өкілдерімен де тілдесіп көрген едік. Əрине автопарк өкілдері жолақысын 300 тіпті 500 теңгеге дейін қымбаттатуын сұраған еді. Бірақ біз ең аз деген көлемді яғни 200 теңге көлеміндегі бағаны алдық. Бұл есептік тариф жанар-жағармай бағасын да, жүргізуші мен кондуктор жалақысын да, автопарктерді жөндеу құнын да өтеп беруі тиіс. Тағы да қайталап айтамын, осы саланы барынша ашық ету мақсатында жолақыны купюра ақшасыз яғни картамен төлеуді қарастырып жатырмыз", - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы бұл ретте картамен жолақысын төлеп жүрген алматылықтарды мысалға келтірді.

"Картамен төлеу тәжірибесі әлемнің өзге де қалаларында тіпті өзіміздің Алматыда да бар. Əрине жолақы тарифін бекітпестен бұрын оны қоғамдық және сарапшылар кеңесі мен мәслихатта сосын барып әкімдікте қарайтын боламыз. Нақты шешім тек осыдан кейін ғана шығарылады. Бірақ тұрғындарға айтарым: биыл жолақысы қымбаттамайды. Яғни карта бойынша 90 теңге қалады, ал ақшамен жолақысын төлегісі келетін жандар 180 теңге көлемінде қаржы төлейтін болады. Сондықтан тұрғындарға картамен жол жүру тиімді болып тұр", - деді әкім.

Айта кетейік, бүгін Əсет Исекешев тілшілер алдында есеп берген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір