RU
Гарриді ұмытыңдар: Данияның сымбатты ханзадасы әлем аруларының жүрегін жаулауда
Жаңалықтар Әлемде

Гарриді ұмытыңдар: Данияның сымбатты ханзадасы әлем аруларының жүрегін жаулауда

Рассказать Вконтакте

Әлем халқы жіті назарда ұстап жүретін Уильям мен Гарри ханзадалар арулар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Корольдік отбасының өкілдері өздерінің асқан сымбаттылығымен талай қыздың арманына айналып шыға келген. Алайда, үнемі дүйім жұрт аузында жүретін серілерден бөлек, басқа да ханзадалар жетіп артылады. Олардың бірі Данияның мінсіз мүсінді ханзадасы - Николай деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Данияның 18 жастағы ханзадасы әлем сұлуларының жүрегін жаулап жатыр. Бұған дейін аты аса шықпаған жас жігіттің есімі Лондондағы сән апталығында мәлім болды.

Николай Гарри мен Уильямнан ерекше заманауи ханзада десе болады. Егер ұлыбританиялық мұрагерлер көбіне саясатқа араласып жүрсе, Дания ханзадасы сән әлеміне аяқ басқан.

Ол жақын арада Scroop Models атты модельдік агенттікпен келісімшартқа отырып, сән әлемінің бір мүшесін айналды. Оның подиумға алғаш рет шығуы Лондон қаласында өткен сән апталығындағы Burberry брендінің көрсетілімі кезінде орын алды.

Николайдың әрбір бастамасына ата-анасы үлкен қолдау білдіріп отыр. Тіпті оның әкесі Йоахим ханзада ұлын бір нәрсеге мәжбүрлемейтінін айтты.

"Оның болашағы өз қолында, нені дұрыс деп шешсе соны жасайтын болады", деп айтты отағасы.

Николай даниялық патшайымның үлкен немересі болып келеді. Оның үстіне таққа үміткерлер арасында тек 7-ші орында келе жатыр.

Өзінің корольдік отбасыдан шыққанына қарамастан, 18 жастағы ер жігіт тәж, жер, атақ және ешқандай да қаржылық көмек алмайды.

Оған қоса Николай ханзаданың тікелей міндеттерінен де босатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір