RU
Жалғызбасты әйел 14 жыл бойы өлдіге санаған баласын тауып алды
Жаңалықтар Әлемде

Жалғызбасты әйел 14 жыл бойы өлдіге санаған баласын тауып алды

Рассказать Вконтакте

Санкт-Петербург тұрғынының перзентханада шетінеді деп ойлаған баласы 14 жыл өткен соң тірі болып шықты. Әйелдің үйіне ата-ана құқығынан айыру туралы талап келіпті. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: TUT.by

Көрнекі фото: TUT.by

Әйелдің айтуынша, 2004 жылы ол перзентаханада баласынан бас тартату туралы қолхат жазып берген соң, оның шетінеп кеткені туралы хабарды естіген.

"Маған санитар әйел келіп, мен қолхат жаза салысымен баламды арнайы аппараттан үзгенін, содан кейін оның қайтыс болғанын айтқан", - дейді әйел.

Ал жәбірленушінің анасы 14 жыл бойы өлдіге санаған немересін түрлі балалар үйіне көшіріп отырған. Бірақ ол туралы анасына еш мәлімет бермепті.

Баласын жоғалтқан әйелге 14 өткен соң сот перзентінің осы к.нге дейінге алиментін төлеу туралы қаулы шығарған соң, ол өзіне қорғаушы жалдаған. Заңгер маманның айутынша, олар жақын арада ДНҚ сараптамасын жасатып, баланы шын мәнінде кім туғанын анықтаймыз деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel