RU
Нигериялық бапкер өз футболшыларына орыс қыздарымен төсектес болуға тыйым салды
Жаңалықтар Спорт

Нигериялық бапкер өз футболшыларына орыс қыздарымен төсектес болуға тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Нигерия құрамасының бас бапкері Гернот Рор өз футболшыларына орыс қыздарымен бірге түн өткізуге қатаң тыйым салды деп хабарлайды eurosport.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Нигерия құрамасы.

Фото: Нигерия құрамасы.

Оның айтуынша, футболдан әлем чемпионаты кезінде ойыншылар ерекше сексуалды тәртіп сақтайтын болады.

"Әйелдері мен балалары турнир кезінде ойыншыларға келе алады. Әр футболшының бөлмесі бар. Дайындық кезі мен ойын болатын күндерден басқа уақытта отбасыларына ойыншылардың бөлмесіне келуге рұқсат. Бірақ мен жігіттерге орыс қыздарын шақыруға тыйым саламын. Ондай әсте болмайды. Тек команда капитаны Микелге ғана қызымен кездесуге тыйым жоқ. Себебі, оның қызы - орыс", - деді өз сөзінде Гернот Рор.

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді.

Нигериялықтар Аргентина, Исландия, Хорватия командаларына қарсы ойынайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel